Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Павлодарда балалар үйінің тәрбиеленушісі қатарласын айуандықпен өлтіргені үшін жазаланды

28 Шілде 2015, 18:10
0
© Newsland.com
© Newsland.com

Павлодарда балалар үйінің тәрбиеленушісі қатарласын айуандықпен өлтіргені үшін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мамандандырылған ауданаралық сотта балалар үйінің екі тәрбиеленушісіне жаза кесілді.

"Сот Павлодардың 23 жастағы тұрғынын "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жүзеге асырған адам өлтіру" бабы бойынша кінәлі деп тауып, 12 жылға бас бостандығынан айырады. Ол жазасын қатаң режимдегі түзету колониясында өтейді", - деді судья Әділет Бахтияров.

Балалар үйінің тағы бір тәрбиеленушісі, 24 жастағы павлодарлық "Қылмысты жасыру" бабы бойынша бес жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы екі сотталушыға да 18 жылдан беруді сұраған болатын.

Еске сала кетейік, биыл көктемде 24 жастағы павлодарлықтың кілемге оралған мәйіті қаланың шетіндегі канализациялық құдықтан табылды. Криминалистер қайтыс болған ер адамның денесінің 30 рет пышақталғанын айтты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай