Павлодарда бір жасар баласын автовокзал маңынан тастап кеткен әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда бір жасар баласын автовокзал маңынан тастап кеткен әйел ұсталды © өңірлік полиция департаменті

Павлодарда аязда бір жасар баласын тастап кеткен әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда аязда бір жасар баласын тастап кеткен әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйел полициядағыларға баланы өзі автовокзал маңындағы трамвай аялдамасында қалдырып кеткенін айтты.

"Кішкентай балаға қауіп төндірген 33 жастағы әйел ұсталды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 119-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Әйелді іздестіру жұмыстары екі сағатқа созылған.

Полиция мәліметінше, ұсталған әйел тұрмыс құрмаған. Бір жасар баласынан басқа тағы бір баласы бар екен. Ол Екібастұзда әжесімен тұрады.

Ал соңғы жылдары әйел Таразда тұрған.

Еске салайық, мұның алдында Павлодарда автовокзал маңынан емізулі бала табылғаны хабарланған еді. Павлодарлық еріктілердің айтуынша, бала 26 қарашада кешке табылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети