Павлодарда досын бөлшектеп тастаған жетімдер үйінің екі тәрбиеленушісі 20 жылға сотталуы мүмкін, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Порталдың мәліметінше, Павлодарда досын айуандықпен өлтірген жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне қатысты іс бойынша сот процесі басталды. Іс материалдарына сәйкес, биыл 11 сәуірде үш жігіт облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерде ішімдік ішкен. Түнде сөзге келіп қалған олар төбелесіп, бірге ішімдік ішкен азаматты пышақтап өлтірген.
"Екі жігіт мүрдені бөлшектеп, жақын маңдағы ағаштардың арасына лақтырып жіберген. Нәтижесінде 23 жастағы екі азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша айыпталуда", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, бұл бап бойынша жігіттер 20 жылға немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.