Павлодар қаласының маңында қаза болған отбасы өлімінің жай-жапсарлары анықталды. Қаза болған әйел жүкті болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сол отбасының достарына сілтеме жасап. Бүгін Павлодарда жақын туыстары марқұм болғандарды ақтық сапарға шығарып салды. 49 жастағы отағасының денесі Ресейге жіберілді. Себебі ол Ресей азаматы, оған Қазақстанда тұруға рұқсат қағазы берілген.
Павлодар қаласының маңында қаза болған отбасы өлімінің жай-жапсарлары анықталды. Қаза болған әйел жүкті болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сол отбасының достарына сілтеме жасап. Бүгін Павлодарда жақын туыстары марқұм болғандарды ақтық сапарға шығарып салды. 49 жастағы отағасының денесі Ресейге жіберілді. Себебі ол Ресей азаматы, оған Қазақстанда тұруға рұқсат қағазы берілген.
"Біз ол отбасымен дос болдық. Алмагүл (қаза болған әйелдің аты - автор) жүкті болған, әйелдер кеңесінде есепте тұрған. Ол бұл баланы өте қатты күтті", - деді отбасының достары. Олардың айтуынша, қаза болған ерлі-зайыпты өздерінің жеке үйлерінің құрылысымен шұғылданғысы келген, тіпті олар Павлодар ауылынан жер телімін сатып алған.
Ерлі-зайыптылар өздері болашақ үйлерінің жобасын жасаған. Оның үстіне екеуі де құрылыс саласында жұмыс істеген. "1 сәуір, сейсенбі күні жұмыстан кейін күйеуі әдеттегідей Алмагүлге келіп, бірге үйлеріне кеткен. Сәрсенбі күні Алмагүл жұмысқа шыққан жоқ. Ал бейсенбі күні тағы да жұмысқа келмегеннен кейін біз уайымдап оған да, күйеуіне де телефон арқылы хабарластық. Алайда екеуі де жауап берген жоқ", - дейді қаза болған әйел жұмыс істеген фирманың жетекшісі Юрий Кузин.
Сонымен бірге отбасының достары мен таныстары, сондай-ақ көршілері де полицейлердің "азаматтық некедегі ер кісі алдымен әйелі мен балаларын өлтіріп, артынан өз-өзіне қол жұмсады", - дегеніне сенбейді. Олар осыдан төрт ай бұрын әйел апатқа ұшырап, қатты зақымданғанын айтады. Сол кезде күйеуі оның денсаулығының қайта қалпына келуіне көмектесіп, өгей балаларына қараған. Қаза болған әйелдің туыстары қандай да бір арыз жазудан әзірге тартынып отыр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, қаза болған отбасы тұрған үйден өлім алдындағы хат табылған. Анықталған ақпарат бойынша, мәтінде әлдебіреу оларды кешіруін және қарыздарын қайтаруын сұрайды. Бұл жерде әңгіме бұрын айтылғандай, қаза болған отбасының дүкендегі қарызы туралы болып отырған жоқ. Өлім алдындағы хатты кім және қашан жазған, оны сарапшылар анықтайтын болады.
Еске сала кетейік, Павлодар ауылындағы жеке үйлердің бірінде ер адам мен әйелдің, сондай-ақ екі баланың денесі табылған болатын. Қаза болғандарды 6 сәуір күні отбасы жалға алған үйдің иесі тапқан. Полицияның мәліметінше, бес жасар ұл мен алты жасар қыздың пышақталған денесі кереуеттің үстінде табылған. Сонымен бірге балалардың 35 жастағы анасы да пышақтан қайтыс болған. Қаза болғандардың достарының айтуынша, бұл әйелдің екінші некесі, ал балалары - бірінші некеден туылған. Әйел мен екі баланың өліміне қатысты "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізілуде.