29 тамыз 2020 11:59

Павлодарда ер адамның ақшасын тартып алғандар ұсталды

Дәурен Ерболат Журналист
Фото: © Tengrinews.kz

Павлодарда дүкеннің маңында 44 жастағы ер адамды күдіктілер тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда дүкеннің маңында 44 жастағы ер адамды күдіктілер тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Олар жәбірленушіге күш көрсетіп, ақшасын тартып алған. Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, ұрлықты қарағандылықтар жасауы мүмкін.

Реклама
Реклама

"Күдіктілер Бұхар жырау көшесіндегі дүкеннің маңында болған. Олар 44 жастағы ер адамның ақшасын күшпен тартып алған", - делінген хабарламада.

Полиция күдіктілерді ұстаған. Олар Қарағанды облысының 28, 31 жастағы тұрғындары екен.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram