Павлодарда жасөспірім телефонға тыйым салған әкесін пышақтады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жасөспірім телефонға тыйым салған әкесін пышақтады Фото: smi44.ru

Павлодарда 14 жастағы бала әкесінің арқасына пышақ сұғып алған. Ер адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда 14 жастағы бала әкесінің арқасына пышақ сұғып алған. Ер адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, жасөспірім мен оның әкесі арасында жанжал шыққан. Ер адам ұлы гаджетте көп уақыт өткізетініне ашуланып, телефон ұстауына тыйым салған.

"Ер адам 2007 жылғы ұлына үнемі телефонмен ойнайтынын, ештеңе істемейтінін және үйді жөндеуге көмектеспейтінін айтып, ескерту жасағаны анықталды. Ер адам баласының телефонын алып, аулаға шыққан. Осы сәтте жасөспірім әкесіне ашуланып, ас үйдегі пышақты алып, оның арқасына сұғып алған", - дейді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Пышақ жарақатын алған ер адам Павлодар ауруханасына жатқызылды.

"Бұл факт бойынша ҚР ҚК-ның 106-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деп қосты Қайыров.

"Денеге қасақана ауыр зиян келтіру" бабының санкциясы үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасын қарастырады.

Полиция мәліметінше, жыл басынан бері Павлодар облысында кәмелетке толмағандар жасаған 11 қылмыстың іс тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети