07 маусым 2016 19:06

Павлодарда жол бойында жыныстық қатынасқа түскен қыз айыппұлмен құтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube кадры © YouTube кадры

Павлодарда жол бойында жыныстық қатынасқа түскен қыз айыппұлмен құтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Павлодарда жол бойында жыныстық қатынасқа түскен қыз айыппұлмен құтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сот оны "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша аыйпты деп таныды. Қызға 10 АЕК (21 210) көлемінде айыппұл салынды. Құқықбұзушылық кезінде қыз 17 жаста болған. 

Айта кетейік, осыған дейін онымен жыныстық қатынасқа түскен жігіттің жазаланғаны хабарланған болатын. Жұптың даулы ісі сотқа оқиға болғаннан кейін бір ай өткенде түскен. "Павлодар соты ер адамды "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша айыпты деп таныды. Ол 10 күнге қамауға алынды", - деп хабарлаған еді соттағылар.

Сотта 25 жастағы жігіт оқиға кезінде мас болғанын айтты. Қыз болса әлеуметтік желідегі парақшасында мас болғанын және "есін білмегенін" жазыпты.

Еске салайық, "Ғашықтардың" әрекеті түсірілген видеоны Данил Вильгельм есімді қолданушы You Tube сайтына "Лермонтовтағы тәртіпсіздік!!!" деген атауменжүктеген болатын. Кейін көше бойында жыныстық қатынасқа түскендердің аты-жөндері белгілі болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети