Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соққандардың ісін тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соққандардың ісін тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.
Павлодарлық полицейлер "Элекор Кузет" күзет фирмасының қызметкерлері ұрып-соққан бір ғана жәбірленушіні анықтай алыпты. "Анықталған жәбірленуші Павлодар облысы Ертіс ауданының 30 жастағы тұрғыны. Ол шағым-талап жазудан бас тартты. Басқа жәбірленушілерді анықтау мүмкін болмады, себебі ешкім осы дерек бойынша полицияға хабарламаған. Қазіргі уақытта қылмыстық істің өндірісі аяқталып, прокуратураға жіберілді, онда іс тексеріліп, сотқа жіберіледі", - деп хабарлады тәртіп сақшылары.
Жәбірленуші өз кезегінде полицияға бұл оқиға жайлы есінде ештеңенің қалмағанын айтыпты.
"Ер адамның айтуынша, ол кафеге сусын алу үшін кірген. Сол жақта танысып кездестіріп, арақ ішкен, бұдан кейін не болғанын білмейді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Күзетшілер қазіргі уақытта қамауда отыр. Олар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетейік, осыған дейін күзетшілердің кафе қонақтарын аяусыз ұрып-соққаны бейнеленген видео әлеуметтік желілерде таралған болатын.