Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соққандардың ісін тергеу аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соққандардың ісін тергеу аяқталды Видео кадрлары

Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соққандардың ісін тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соққандардың ісін тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Павлодарлық полицейлер "Элекор Кузет" күзет фирмасының қызметкерлері ұрып-соққан бір ғана жәбірленушіні анықтай алыпты. "Анықталған жәбірленуші Павлодар облысы Ертіс ауданының 30 жастағы тұрғыны. Ол шағым-талап жазудан бас тартты. Басқа жәбірленушілерді анықтау мүмкін болмады, себебі ешкім осы дерек бойынша полицияға хабарламаған. Қазіргі уақытта қылмыстық істің өндірісі аяқталып, прокуратураға жіберілді, онда іс тексеріліп, сотқа жіберіледі", - деп хабарлады тәртіп сақшылары.

Жәбірленуші өз кезегінде полицияға бұл оқиға жайлы есінде ештеңенің қалмағанын айтыпты.

"Ер адамның айтуынша, ол кафеге сусын алу үшін кірген. Сол жақта танысып кездестіріп, арақ ішкен, бұдан кейін не болғанын білмейді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Күзетшілер қазіргі уақытта қамауда отыр. Олар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, осыған дейін күзетшілердің кафе қонақтарын аяусыз ұрып-соққаны бейнеленген видео әлеуметтік желілерде таралған болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети