Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соқты делінген полицей 10 жылға сотталуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соқты делінген полицей 10 жылға сотталуы мүмкін

Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соққан инспектор 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда кафе қонақтарын ұрып-соққан инспектор 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда қалалық ішкі істер басқармасы жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкеріне қатысты тергеу аяқталды. Павлодар облысы прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық іс сотқа жолданды.

"Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейдің "102" пультіне түскен хабарлама бойынша Исинәлиев көшесінде орналасқан "Арай" сауда үйіне барғаны белгілі болды. Ол өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдалана отырып сонда келген адамдарға күш көрсеткен. Күдіктінің бұл әрекеті "Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану" бабы" ретінде тіркелді. Ол осы бапқа сәйкес, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деп хабарлады Павлодар облыстық прокуратураның баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдарындағылар осы іс бойынша процессуалдық прокурордың тағайындалғанын хабарлады. "Оқиға орнына барған полицияның қалған қызметкерлері жұмыстан қуылды", - деді прокуратура өкілдері.

Тамыз айында 25 жастағы полицей қамауға алынған болатын. Кейінірек ол 1,1 миллион теңге көлемінде кепілақы төлеп, бостандыққа шыққан еді.

Еске салайық, Желіде Павлодарда автомат асынғандардың ер адамдарды аяусыз ұрып-соққан видеосы пайда болған еді. Ролик кадрларында автомат асынған және форма кигендер кафелердің бірінде ер адамдарды аяусыз ұрып-соққаны көрінеді. Видеоға түсіріп отырғандар оларды сабырға шақырады. Алайда олар құлақ аспайды.

Ал кейінірек Павлодарда кафеге келушілерді ұрып-соғу оқиғасына қатысты ІІМ басшысы пікір білдірген болатын. "(...) Шын мәнінде ішіп алған жігіттер есеп айырыспай, кетуге асыққан. Күзетшілер келіп, оларды төлеуге мәжбүрлеген. Осыдан кейін әр тараптың өз шындығы бар. Біреулері қаруды алып қоя жаздады, тіпті оғын алып қойды дейді. Қазір бұл іс тергеліп жатыр. Сондықтан қандай да бір пікір айту қиын. Жауап алынады, бетпе-бет жүздестіреді. Барлық видеоматериал зерттеледі", - деді ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов үкімет отырысының барысында. Сонымен қатар, кафе қонақтарын ұрып-соққан күзетшілердің 7 жылға дейін сотталуы мүмкін екені де хабарланған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети