13 қараша 2017 | 18:03

Павлодарда кафеге келушілерді соққыға жыққан полицей сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда кафеге келушілерді соққыға жыққан полицейге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда кафеге келушілерді соққыға жыққан полицейге сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Павлодарда 25 жастағы жол-патрульдік полиция батальонының қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Оған қызметтік бабын асыра отырып, күш қолданды деген айып тағылған. 

Сот үкімі бойынша, айыпталушы кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде сотталды және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сот бұрынғы полицейдің кінәсін мойындауы мен кәмелетке толмаған балаларының барын есепке алды. 

Мұның алдында полицей прокурормен процессуалды келісімге келіп, кінәсін мойындаған болатын. Ал төрт зардап шегуші полицейге арызы жоғын айтқан. 

Іс материалы бойынша, 25 жастағы полицей әріптестерімен бірге төрт адамның төбелесуіне қатысты шақыртуға келген. Оларды ұстау кезінде полицей ер адамдарды рәзіңке таяқпен аяусыз ұрған. Тамыз айында полицей қамауға алынған болатын. Кейін ол үшін 1,1 миллион кепілақы беріліп, оны үйіне жіберген болатын. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткеннен кейін, ол облыстық жеке қауіпсіздік басқармасына өз еркімен келген. Іске қатысты өзге төрт полицей жұмыстан қуылды. 

Еске салайық, бірнеше полицейдің ер адамдарды ұрып жатқан видео 11 тамызда таралып кетіп, қоғамда үлкен дау тудырған болатын. Видеода полицейлердің ер адамдарды қызметтік көлікке отырғызбақ болған кезде, ер адамдардың қарсыласқанын көруге болады. Осыдан кейін күдіктілерді ұстау полицейлермен төбелеске айналып кетті. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети