01 тамыз 2022 16:29

Павлодарда қаңтар оқиғасы бойынша 6 адам сотталды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодардың қылмыстық сотында қаңтар оқиғасының алты қатысушысына қатысты үкім шықты. Үлкені 33 жаста, ал кішісі 20 жаста, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодардың қылмыстық сотында қаңтар оқиғасының алты қатысушысына қатысты үкім шықты. Үлкені 33 жаста, ал кішісі 20 жаста, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үш айыпталушының бірі қамауға алуды ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттеме және пробациялық бақылау орнату жазасымен алмастырып, сот залында босатылды.

Сотталушылар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты, белсенді түрде шақырды, билік өкілдеріне бағынбады, ал қатысушылардың біріне полиция қызметкеріне күш қолданды деген айып тағылды.

Сот алтауының бәріне қатысты айыптау үкімін шығарды. Негізгі айыпталушы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды, билік өкілдеріне бағынбауға шақырды деп айыпталып, жазасын 6 жылға қатаң режимдегі колонияда өтеуге сотталды. Бұған дейін ер адам ауыр қылмыс жасағаны үшін сотты болып, кінәсін толық өтемеген. Оның әрекетін сот рецедив деп анықтады.

"Сотталған К. 2020 жылғы 5 қаңтарда Павлодар облысы әкімдігі ғимаратының алдында қоғамдық қауіпсіздікке қарсы жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, Д. және Б-мен бірлесіп, бүлік шығарып, мүліктің жойылуына және полиция қызметкеріне зорлық-зомбылық көрсетуге әкелген заңсыз митингіге қатысуға шақырды", - деп түсіндірді Павлодардың №2 сотының судьясы Қуаныш Төлебаев сот үкімі жарияланғаннан кейін.

Екінші сотталушы 4 жыл жазасын орташа режимдегі колонияда өтейді. Оның телефонынан әкімдік ғимаратына кіріп, "әкімдікті басып алдық" деп пікір білдірген видео табылған.

Тағы үш айыпталушы үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, кейінгі сотталушы бір жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды. Сотталғандарға пробациялық бақылау белгіленеді, сонымен қатар, оларға ойын-сауық мекемелеріне баруға, рұқсатсыз облыстан тыс жерлерге шығуға, тұрғылықты жерін және жұмысын өзгертуге тыйым салынады.

Сот жаза тағайындау кезінде жауаптылықты ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлардың жоқтығын, атап айтқанда, соттылығының болмауын, кінәсін толық мойындауын, өкінуін және тергеуге белсенді түрде атсалысуын ескерді.

Сот Павлодар облысы әкімі аппаратының және тәртіпсіздік салдарынан зардап шеккен екі қалалық автобус иелерінің азаматтық талаптарын қанағаттандырды. Сот сотталғандарға бірлесіп, мемлекеттік мекемеге 2,1 миллион теңге материалдық шығынды, сондай-ақ, автобустардың иелеріне 456 және 227 мың теңгені төлеуге міндеттеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети