Павлодарда кәсіпкерге оқ атқан такси жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда кәсіпкерге оқ атқан такси жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Павлодарда 42 жастағы такси жүргізушісі кәсіпкердің өліміне кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда 42 жастағы такси жүргізушісі кәсіпкердің өліміне кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында кәсіпкерге оқ атқан 42 жастағы ер адамға қатысты сот ісі қаралды. Күдіктіге пайда табу ниетімен адамға қарумен шабуыл жасады, қаруды заңсыз сатып алды және алып жүрді деген айыптар тағылды.

"Сот күдіктіні кінәлі деп тауып, 18 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздік деңгейі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады", - дейді судья Құдабай Сұлтанов.

Сондай-ақ, сотталушы жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлейтін болды.

Айта кетейік, 2019 жылдың 8 желтоқсанында таңертең күдікті жеке көлігімен бизнесменнің үйіне келген. Ол кәсіпкер подъезден шыққан кезде оған бірнеше рет оқ атқан. Кейін сотталушы оның әмиянын алып оқиға орнынан ізін суытқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети