24 қыркүйек 2017 | 13:16

Павлодарда көлік тонамақшы болып, таяқ жеген жігітке кешірім берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда көлік тонамақшы болып, таяқ жеп қалған тұрғынға кешірім берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда көлік тонамақшы болып, таяқ жеп қалған тұрғынға кешірім берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Павлодардың Ленин ауылдық аймағының 36 жастағы тұрғынының көлік тонамақшы болып, көлік иесінен соққы көріп, кейін ұсталу дерегі бойынша хабарлаймыз, тергеу қорытындысы бойынша тараптардың медиация тәртібінде татуласуымен ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды", - деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісінің сауалхатына берген жауабында.

Полициядағылар соққы көрген ер адамның көлік иесіне қатысты шағым түсірмегенін хабарлады. 

"Автожүргізушінің әрекеті "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабына сәйкес болды, алайда соққы көрген ер адамның көлік иесіне қатысты арыз түсірмеуіне байланысты көлік иесін қылмыстық жауапқа тарту мәселесі қаралмады", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Еске салайық, 36 жастағы ер адамның көлік тонау үстінде ұсталып, соққыға жығылғаны туралы видео Желіде тараған болатын. 

Жарияланып, таралып жатқан видеода қаладағы автотұрақтардың бірінде ер адамның көлік маңында отырған ер адамды ұрып-соққаны бейнеленген. Сосын ол қашып кетеді. Ролик авторы қашып кеткен ер адамның көлікті бұзып ашуға әрекеттенгенін айтады. Видеоны 30 мың қаралым жинап, жүзден аса пікір жазылған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети