Павлодарда кішкентай қызды зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодарда кішкентай қызды зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысының 32 жастағы тұрғыны зорлаумен қатар, "Аса ірі көлемде жасалған ұрлық" бабы бойынша да айыпталған.
"Сот Павлодар облысының 1985 жылғы тұрғынын қылмыстық заңбұзушылық жасады деп тауып, мүлкін тәркілей отырып, 16 жылға бас бостандығынан айырды, ол жазасын барынша қауіпсіздендірілген атқару жүйесі мекемесінде өтейді", - делінген соттың хабарламасында.
Мұнымен қатар, сотталушы педагогикалық немесе кәмелетке толмағандармен байланысы бар қызметке өмір бойына тұра алмайды.
Соттың мәліметінше, іс бойынша екі жәбірленуші болған, оқиғаның өзге мән-жайы айтылмайды. Кәмелетке толмағанның мүддесі үшін сот жабық тәртіпте өтті.