Павлодарда күйеуінің көзіне шөп салған әйел оны ұрып-соққан

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда күйеуінің көзіне шөп салған әйел оны ұрып-соққан Иллюстрациялық фото: Pixabay.com

19 желтоқсанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында ерлі-зайыпты арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

19 желтоқсанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында ерлі-зайыпты арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, сол күні ер адамның туған күні болған. Ол әйелін қуанту үшін іссапардан ерте келген.

"Үйіне ерте келген ауыл тұрғыны әйелін басқа жігітпен ұстап алған. Ерлі-зайыпты арасында жанжал шығып, арты төбелеске айналған. Әйел қатты затпен күйеуінің бетінен бірнеше рет соққан", - делінген хабарламада.

Ер адам көмек сұрап ауруханаға жүгінген, медициналық сараптама жеңіл дене жарақаттарын анықтаған.

"Ауыл тұрғыны денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі "Денсаулықтың қысқа мерзімге бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін тұрақты түрде болмашы жоғалтуға әкеп соққан, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша іс қозғалды", - деді баспасөз қызметі өкілі.

Полицейлер іс материалдары Баянауыл аудандық сотына жіберілетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети