Павлодарда мекеменің бас директорына пара алды деген айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда мекеменің бас директорына пара алды деген айып тағылды

"Павлодар "ӘКК "ҰК" АҚ әлеуметтік даму корпоративтік қорының бас директорына пара алды деген айып тағылды, - деп хабарлайды "Павлодар жаңалықтары". Ол кәсіпкерлерден бұрын келісілген 1 млн теңгенің 500 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі баспасөз қызметінің мәліметінше, "Павлодар "ӘКК "ҰК" АҚ әлеуметтік даму корпоративтік қорының бас директоры пара алды деп айыпталған. 

"Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Павлодар "ӘКК" "ҰК" АҚ әлеуметтік даму корпоративтік қорының бас директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол аяқталмаған әлеуметтік нысанды бағалау бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасасқаны үшін кәсіпкерлерден бұрын келісілген 1 миллион теңгенің 500 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді, - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Корпоративтік қордың бас директоры ұсталып, Павлодар қалалық ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасады. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети