Павлодарда мектеп оқушысын қағып өлтірген жүргізушіге рақымшылық жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сотта 23 жастағы Ермұқан Сыздықовқа қатысты сот үкімі шықты, ол жол-көлік оқиғасын жасап, бір адамның қаза болып, екіншісі жарақат алуына себепкер болған.

"Сот айыпталушыны осы қылмыстық істе кінәлі деп тауып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Алайда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық заңына сәйкес, судья осы адамның негізгі жазасын өтеуден босату туралы шешім шығарды. Сонымен қатар, сот шешіміне сәйкес Сыздықов көлікті басқару қығынан бес жылға айырылады", - деп оқыды үкімді Павлодар қаласының № 2 сотының судьясы Жанат Тұрлыбаев.
Қылмыстық істің барысында қайтыс болған баланың ата-анасы айыпталушыдан 10 миллион теңге талап етті. Сот бұл сұранысты қанағаттандырып, сотталушыны екі миллион теңгеден бөліп төлеуін міндеттеді.
Қайтыс болған баланың ата-анасы осы адамға рақымшылық заңы қолданылатынына қарсы. "Біздің ойымызша, бұл әділетсіздік. Тергеу шаралары бір жылдан аса уақытқа созылды, сот үш айға созылды. Арнайы осы рақымшылық заңын күткендей. Апелляциялық шағым түсіретін боламыз, әділдік орнауы үшін және ұлымыздың естелігі үшін", - деді баланың әкесі Таңат Шағыров.