Павлодарда нашақорлар притоны әшкере болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда нашақорлар притоны әшкере болды Фото polisia.kz

Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел қызметкерлері есірткі құралдарын пайдалануға арналған притонды жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLICE_of_KZ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қабылданған шаралар нәтижесінде полицейлер заңсыз есірткі мен заттарды бірлесіп пайдалану үшін нашақорларға өз тұрғын үйін жүйелі түрде берді деген күдікпен Павлодар қаласының 37 жастағы тұрғынын анықтаған.

Тінту іс-шаралары барысында тұрғын үй-жайда жедел қызметкерлер шприцтер, бос құтылар, күйе іздері бар ыдыстарды, сондай-ақ есірткіні пайдалану үшін қолданатын өзге де заттарды тауып, тәркілеген.

"Дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті Павлодар қаласы ПБ УҰИ-ға қамауға алынды", - деді Павлодар облысы ПД ЕҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Арсен Айғазин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети