26 наурыз 2014 | 12:58

Павлодарда Настя Шарипованың өліміне қатысты сот басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Настя Шарипова. Tengrinews.kz мұрағатынан Настя Шарипова. Tengrinews.kz мұрағатынан

Павлодарда Настя Шарипованың өліміне қатысты іс бойынша сот басталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Евгеньевка елді мекеніндегі оқушыны өлтірді деп айыпталып отырған Виктор Бахаревтің ісін алқабилер жабық жағдайда қарап жатыр. Процестің алдында Бахаревтің адвокаты журналистерге соттың "алдын ала шешіліп" қойғанын айтты. "Сот алдын ала келісілген, ол істі өз мүддесіне қарай шешетін болады. Ол қазірдің өзінде көзге анық көрініп тұр. Біз іс материалдарындағы алынған жауаптардың аудио-бейнежазбаларына және тергеу эксперименттерінің шынайылығына сараптама жүргізу туралы өтініш білдіруге ниеттіміз. Дегенмен біз соттың өтініші қанағаттандыратынына тағы сенбейміз", - дейді Бауыржан Азанов. Адвокаттың айтуынша, Виктор Бахарев алдын ала сот отырысы кезінде бұрынғы жауаптарынан бас тартатыны туралы жазбаша арыз жазды, ол кінәсін мойындамайды. Еске сала кетейік, өткен жылдың 21 қазанында Ақсу ауданында 14 жастағы оқушы мектептен келе жатып, із-түссіз жоғалған болатын. Екі аптадан соң қыздың денесі оның үйінен 250 метр қашықтықтағы шұңқырдан табылды. 6 қараша күні полицейлер күдікті ретінде Евгеньевканың 20 жастағы тұрғыны Виктор Бахаревті ұстағанын хабарлады. Тергеудің мәліметіне қарағанда, ол Анастасияның мәйіті табылғанын естігеннен кейін асылып өлуге, кейін қашып кетуге әрекеттенген. Ұсталған кезде күдікті кінәсін мойындап, айғақ берген. Оған оқушы қызды зорлады және өлтірді деген айып тағылды. Бірақ Бахаревтің, сонымен бірге, марқұмның өзінің де туыстары оның қылмыс жасағанына сенбейді және ол қысым көрсетілгеннен кейін кінәні мойындауға мәжбүр болған деп мәлімдеді. Дегенмен күдіктінің қылмысқа қатысы бары ДНК сараптамасының нәтижесінде расталды.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети