Павлодарда көрші үйде тұратын кәмелетке толмаған қызды тұншықтыруға тырысқан Оңтүстік Африка Республикасының азаматына үкім шығарылды. 25 жастағы ер адам есі кіресілі-шығасылы деп танылып, ауруханаға мәжбүрлеп емдеуге жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодарда көрші үйде тұратын кәмелетке толмаған қызды тұншықтыруға тырысқан Оңтүстік Африка Республикасының азаматына үкім шығарылды. 25 жастағы ер адам есі кіресілі-шығасылы деп танылып, ауруханаға мәжбүрлеп емдеуге жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі ақпараты бойынша, шетелдік азамат түнгі уақытта үйге заңсыз кіріп, адам өлтіруге оқталды деп айыпталды.
Сотта айыпталушының 2020 жылы әлеуметтік желі көмегімен қазақстандық әйелмен танысып, кейін елге келгені анықталды. Олар үйленіп, Павлодар қаласы маңындағы жекеменшік үйде тұрған. Сол үйдің ауласында кәмілетке толмаған баласы бар отбасы үй жалдап тұрған.
"Сот 2020 жылы 9 тамызда түнгі сағат 4.00 шамасында сотталушы үйге заңсыз кіріп, көршісінің кәмелетке толмаған қызын тұншықтыра бастағанын анықтады", - деді соттың баспасөз қызметіндегілер.
Қызды әкесі құтқарып қалған. Тергеу барысында шабуыл кезінде шетелдікте сананың пароксизмальды бұзылуы түріндегі ауытқу болғаны анықталды. Сотта прокурор айыпталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мәжбүрлеп емдеуге жіберуді сұраған. Осы пікірді сотта оның заңды өкілі болған әйелі де қолдаған. Жәбірленушінің ата-анасы психикалық ауытқуы бар науқас шыққаннан кейін елден жер аударуды талап етті.
Сот прокурордың ұстанымын қолдап, ОАР азаматын Павлодар облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығының психиатриялық стационарына мәжбүрлеп емдеуге жіберген.
"Заң талаптарына сәйкес, егер адам есі кіресілі-шығасылы деп танылса, онда сот медициналық сипаттағы шараларды қолдануға міндетті. Қаулы заңды күшіне енген жоқ", - деді соттың баспасөз қызметі өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!