08 желтоқсан 2017 | 13:02

Павлодарда оқушы қыздарды басып кеткен трамвай жүргізушісі сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда оқушы қыздарды басып кеткен трамвай жүргізушісі сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда оқушы қыздарды басып кеткен трамвай жүргізушісі сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар қалалық №2 сотында екі қызды басып кеткен 30 жастағы жүргізушіге қатысты іс мәресіне жетті. 

"Айыпталушы қылмыстық заңбұзушылық жасады деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылсын, ол жазасын қоныс колониясында өтесін", - деп оқыды үкімді судья Думан Серікбаев. 

Сонымен қатар, сотталушы көлік құралдарын жүргізу құқығынан бес жылға айырылды. 

Айта кетейік, сот сотталушының кінәні мойындағанын, өкінгенін және бұған дейін сотты болмағанын, сондай-ақ, кәмелетке толмаған баласын асырап отырғанын есепке алғаны айтылады.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 7 қыркүйекте Ломов пен Қатаев көшелерінің қиылысында сағат 7:43-те болған. 2007 және 2009 жылғы қыздарды трамвай басып кеткен. Амал не, бірі қаза тапты, екіншісі жансақтау бөліміне түскен.

Павлодарлық трамвай басқармасының баспасөз қызметіндегілер көліктің оқиға кезінде бірінші маршрут бойынша алюминий зауытына бара жатқанын айтты. Тізгінде бес жылдық тәжірибесі бар 1987 жылғы қыз болған.

Балалар Павлодардағы №4 орта мектепте оқыған. Оқу мекемесіндегілер қыздардың апалы-сіңлілі екенін айтады. "Бұл оқиға енді ғана болды. Апалы-сіңлілер, екінші және төртінші сыныпта оқиды", - деп хабарлады мектептегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети