Павлодарда ойын автоматы тоналды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодарда ойын автоматы тоналды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, ойын автоматынан 85 мың теңгені ұрлап кетті деген күдікпен Астана қаласының 28 жастағы тұрғыны бірден ұсталған.
"Полиция бөлімшесіне жергілікті дүкеннің директоры белгісіз тұлғалар тапаншаға ұқсас қарумен сатушыны қорқыту арқылы ойын атвоматын бұзып, 85 мың теңге қаржыны қолды қылғаны жайында хабарлады. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу барысында осы қылмысқа ұқсас екі дерек анықталды", - дейді департамент мамандары.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 192-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.