Павлодарда полицейді қағып кеткен экс-шенеунік сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда полицейді қағып кеткен экс-шенеунік сотталды Фото nnm.me сайтынан алынды

Павлодар облысында полицейді қағып кеткен экс-шенеунік шартты түрде бес жылға сотталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Павлодар облысы Ертіс ауданы аппаратының экс-басшысы Жанат Сматаев Қылмыстық кодекстің 321-бабымен (Өкімет өкіліне күш қолдану) айыпталған еді. Сот оны үш жыл сынақ мерзімімен соттады. 

Сондай-ақ экс-шенеунік екі жыл көлік жүргізу құқығынан шектетілді. Естеріңізге саламыз, Сматаев соттың алдында өзінің кінәсін толық мойындаған болатын. Шенеунік полицейді күн жаңбырлы болғандықтан, байқамай қағып кеткенін, ол кезде "Мерседес" көлігінің салонында музыка қатты ойнап тұрғанын мәлімдеген еді. Ол қатты қақтығыс салдарынан көліктің мемлекеттік нөмірі түсіп қалғанын және сынған әйнектің өзінің көлігінікі екенін құқық қорғау қызметкерлеріне ұсталған кезде ғана білген.  

Естеріңізге саламыз, бұл оқиға 2014 жылдың сәуір айында болған еді. Шенеунік көлікті мас күйінде басқарған. Осыны байқаған полицей тоқтатпақ болады. Бірақ, шенеунік тоқтамай, құқық қорғау органының қызметкерін қағып, оқиға болған жерден тайып тұрады. Ол артынша ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалған болатын. Зардап шеккен азамат учаскелік полицияның көмекшісі болған. Ер адам емханаға жеткізіліп, дәрігерлік көмек көрсетілген соң, емделуден бас тартқан. Өз кезегінде аудандық әкімшілік Сматаев жол-көлік оқиғасы болардан бірнеше күн бұрын Ертіс аудандық аппаратының басшылығынан босатылғанын мәлімдеген болатын.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети