Павлодарда облыстық ІІД жергілік полиция қызметінің жол-патрульдік полициясының инспекторына пара бермекші боғлан екі жүргізуші ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Екі жүргізушіде жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылған. Олар жауапкершіліктен босатылуы үшін полиция қызметкерлеріне ақша берген.
ІІМ өкілінің айтуынша, бірінші жағдайда жүргізуші 5 мың теңге көлемінде ұсынған, ал екіншісінде - 12 мың.
"Сонымен қатар, олар пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертуді естігеніне қарамастан, ақганы патрульдік көліктік салонында қалдырып кеткен. Осы деректерге қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары "Пара беру" бабы бойынша жүргізіліп жатыр", - деді Сәдубаев.
ІІМ өкілдері заң бойынша лауазымды тұлғаға пара беру бас бостандығынан айыру жазасына кесілетінін айтады. Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмесі үшін барлық қызметкерлерге видео тіркеу құрылғыларымен қамтамасыз етілген.
"Күн сайын қауіпсіздік қызметі жасағының мамандары мен командирлерінің жазылған видеолар тексеріледі", - деді ІІМ өкілдері.