Павлодарда шенеунік қымбат көлігін бюджет есебінен жөндеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда шенеунік қымбат көлігін бюджет есебінен жөндеткен Иллюстрациялық сурет

Павлодарда шенеунік өзінің жол талғамайтын көлігін мемлекеттік бюджет есебінен жөндеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодардың № 2 қылмыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда шенеунік өзінің жол талғамайтын көлігін мемлекеттік бюджет есебінен жөндеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодардың № 2 қылмыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Павлодарда Әділет министрлігі Жылжымайтын мүлік орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының бұрынғы директоры Рәбиға Иманғалиеваға қатысты сот аяқталды. Шенеунік қызметтік бабын теріс пайдаланған деп айыпталды. 

Сот шешімімен Иманғалиева айыпты деп танылып, бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды және өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Тергеу мәліметі бойынша, 2015 жылы Иманғалиева "Демар-ПВ" ЖШС-мен 3,3 миллион теңгеге көліктерді жөндеу туралы мемлекеттік сатып алу бойынша келісімшартқа қол қойған. 

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, ұлы жүргізген Mitsubishi Pajero көлігін жөндеуді тапсырған. Автокөлік құрбысының атына жазылғанымен, шенеунікке тиесілі екені анықталған. Көлікті жөндеуге мемлекет қаржысынан 299 мың теңге жұмсалған. Шенеуніктің бұйрығымен бұл қаржы шын мәнінде жөндеуден өтпеген екі көліктің есебіне жазылған.

"Айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындап, ісіне өкінетіндігін білдірді", - деп атап өтті сот өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети