19 желтоқсан 2014 13:24

Павлодарда тапанша-пулеметі бар азамат ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

STEN тапанша-пулеметі. ©kollektsiya.ru STEN тапанша-пулеметі. ©kollektsiya.ru

Павлодар қаласының жол-патруль полициясының қызметкерлері Семейдің 37 жастағы тұрғынынан автоматтандырылған тапаншаны тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодар қаласының жол-патруль полициясының қызметкерлері Семейдің 37 жастағы тұрғынынан автоматтандырылған тапаншаны тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сараптама қорытындысына сәйкес, ұсталған азаматтан алынған қару STEN тапаншасының негізінде қолдан жасалған болып шықты. Мұнымен қатар, бұл қарудың 20 дана оғы тәркіленді. "Осы дерек бойынша ҚР ҚК 251-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат Павлодар қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, STEN - ағылшынның 1941 жылы жасалған тапанша-пулеметі. 

Жыл басынан бері павлодарлық полицейлер атыс қаруларын сақтау, тіркеу мен қайта тіркеу ережелерін бұзудың 670-тен астам дерегін тіркеді. Олар әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге, атыс қаруы мен суық қаруды заңсыз ұстау мен сақтаудың 90-нан астам дерегі әшкере болды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде Павлодар облысында оқ ататын оқпансыз қару мен газ қаруларына ие 2500-ден астам адам тіркелген. Өңірде 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін оқпансыз атыс қарулары мен жарақаттайтын патрондар салынатын газ қаруларын ерікті түрде өткізу шарасы жүргізіледі. "Травматикалық қаруды ерікті түрде тапсырудың шығыны республикалық бюджеттен осы мақсаттарға қарастырылған қаражат есебінен өтеледі", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети