Павлодарда терроризмді насихаттаған төрт адам тұтқындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©РИА Новости ©РИА Новости

Павлодарда терроризмді насихаттады деген күдікпен төрт адам тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар жергілікті тұрғындарды қарулы жиһадқа үндеген.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда терроризмді насихаттады деген күдікпен төрт адам тұтқындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар жергілікті тұрғындарды қарулы жиһадқа үндеген.

"Павлодардың №2 соты төрт адамды тұтқындауға санкция берді. 1994, 1989, 1980 және 1968 жылы туған ер адамдар топ болып жасаған қылмысы үшін "Терроризм мен экстремизмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру" бабы бойынша айыпталып отыр", - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Ер адамдар екі ай мерзімге тұтқындалды. Олардың бәрі - Павлодар облысының тұрғындары. Өз үндеулерінде олар дәстүрлі дүниетаным мен демократиялық қоғамның және зайырлы мемлекеттің өмір салты, соның ішінде, Қазақстанның мұсылман халқының мұндай өмірі мұсылман мемлекеті құндылықтарымен сәйкес келмейтінін айтқан.

"Олар Павлодарда жалға алған пәтерлерінде және қоғамдық орындарда, соның ішінде, мешіт маңындағы көшелерде "Жамағат пен Айдархан" қоғамы мүшелерінің жиналысын өткізген. Қарулы жиһадқа шақырған", - дейді сот өкілдері.

Еске сала кетейік, осы жылдың наурыз айында Павлодарда Сириядағы соғысқа қатысқан Екібастұздың төрт тұрғыны сотталған еді. 23 жастағы Азамат Қазбаев пен Әбдісалям Мұрзубаевтарға мүлкін тәркілеумен бірге жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Тағы екі екібастұздық - 29 жастағы Берік Жақыпов пен 30 жастағы Борис Мұрзубаевтар екі жылға шартты түрде сотталды. Жігіттер ауыр қылмыстар жасағаны үшін және "Терроризмді насихаттау" бабы бойынша айыпталды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro