12 мамыр 2014 18:49

Павлодарда төбелестен 5 жасөспірім жарақаттанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото err.ee сайтынан алынды Фото err.ee сайтынан алынды

Павлодарда жаппай төбелестен бес жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Павлодарда жаппай төбелестен бес жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жастардың топтық төбелесі Короленко-Урицкой көшелерінің қиылысындағы қала мектептерінің бірінің қасында болған. Алдын ала таратылған ақпарат бойынша, топтық төбелеске 14 жасөспірім қатысқан, олар екі мектептің оқушылары мен бес колледждің студенттері және түр-тұлғасы анықталмаған топтардан құралған.  Жаппай төбелестің кесірінен бес жасөспірім ауруханаға түскен.

Дәрігерлердің айтуынша, бір мектеп оқушысы мен теміржол колледжінің бірінші курс студенті көкірегінен жарақаттанған. Тағы екі жәбірленуші - Павлодар мектептерінің бірінде оқитын оқушы арқасынан жарақат алған, екіншісінің миы шайқалып, бас сүйегіне зақым келген. Ал тағы бір төбелеске қатысушы арқасынан жарақат алған, бірақ көмек көрсетілгеннен кейін ол босатылған. Облыстық балалар ауруханасының хабарлауынша, зардап шеккендердің жағдайы әзірге тәуір деп бағаланып отыр. 

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда, бұл фактіге қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. "Бұл оқиғаға қатысты күдікті ретінде екі жас жігіт ұсталды, олар 16 мен 17 жаста. Қазіргі таңда бұл фактіге қатысты Павлодар облыстық ІІД қызметкерлері тергеу әрекеттерін жүргізіп, оқиғаның жай-жапсары анықталуда", - делінген әкімдік баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети