Павлодарда жас қыз екі жігітті бауыздап өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жас қыз екі жігітті бауыздап өлтірді ©REUTERS

Павлодарда жас қызға екі адамды өлтірді деген күдік келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Екі ер адамның денесі Кутузов көшесіндегі пәтерлердің бірінен табылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда жас қызға екі адамды өлтірді деген күдік келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Екі ер адамның денесі Кутузов көшесіндегі пәтерлердің бірінен табылды.

Павлодарда адам өлтірді деген күдікпен қаланың 22 жастағы тұрғыны ұсталды. Полиция өкілдерінің айтуынша, күдікті өз кінәсін мойындады. Оның айтуынша, ол өз досымен бірге танысының үйіне қонаққа келген. "Қыз пәтерде ішкиіммен жүрген. Пәтер иесі оған қырындай бастағанда ол жігітінен көмек сұрады. Бірақ ол қызды қорғамаған. Сол кезде қыз жігітінің кеудесіне пышақ сұғып, ал тиіскен жігіттің арқасына пышақ салды", - деді облыстық ІІД өкілдері.   

Қыз адам өлтірген соң киініп, үйден кетіп қалған. "Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді департаменттің баспасөз қызметінің өкілдері. Сонымен бірге, полиция өкілдері қызды оның қолындағы жарақат іздері мен ішкиіміндегі өлген адамдардың қаны ізінен анықтағанын айтты. Мұнымен қатар, күдіктінің осыған дейін сотты болғаны хабарланып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети