Павлодардағы отбасының өліміне отағасы кінәлі - полиция

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодардағы отбасының өліміне отағасы кінәлі - полиция ©Voxpopuli.kz

Полиция Павлодардың іргесіндегі ауылда болған қанды оқиғаға қатысты болжамды жария етті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция Павлодардың іргесіндегі ауылда болған қанды оқиғаға қатысты болжамды жария етті деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алдын ала мәлімет бойынша, отағасы әйелі мен екі баласына пышақ салғаннан кейін асылып өлген", - дейді Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметкерлері. Полицейлердің мәліметінше, әйел мен екі бала мәйітінің табылуы бойынша "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта бірнеше сараптама тағайындалды, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тексеру жалғасады", - дейді баспасөз қызметкерлері.

Еске сала кетейік, ер адам мен әйел адамның және екі баланың мәйіттері облыс орталығының іргесіндегі Павлодарское елді мекеніндегі жеке үйлердің бірінен табылған болатын. Отбасы үйді жалдап тұрған. 6 сәуір күні қайтыс болғандарды алғаш болып үй қожайыны көрген. Бес жасар ұл мен алты жасар қыз балалар және олардың анасына пышақ салынған. Ал ер адам асылған күйінде табылды. Отбасыны жақсы білетін адамдардың айтуынша, балалар - әйелдің бірінші күйеуінен, марқұм әйелдің екінші күйеуімен тұрғанына бір жылдай болған. Достарының сөзіне қарағанда, отағасы арақ ішпейтін және әйеліне еріп келген балаларды жақсы көрген.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети