Павлодардағы банк қабырғасын тесіп кірген: Ресейде аса ірі ұрлыққа күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодардағы банк қабырғасын тесіп кірген: Ресейде аса ірі ұрлыққа күдіктілер ұсталды Фото ©️ Tengrinews.kz

Павлодар облысының Полиция департаменті былтыр қарашада Павлодардағы банктен аса ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікпен Ресей аумағында ұсталғандар туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының Полиция департаменті былтыр қарашада Павлодардағы банктен аса ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікпен Ресей аумағында ұсталғандар туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, ұсталғандардың барлығы Ресей азаматтары және оларға қатысты Қазақстан сотының шешімімен қамауға алу санкциясы берілген.

"Қазақстан ІІМ мен ресейлік әріптестер бірлесіп, халықаралық келісімдер аясында жедел-тергеу тобын құрды. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр, оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады", – деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Павлодардағы банкті тонауға қатысы бар Ресейдің бес азаматына іздеу жарияланғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың қарашасында Павлодардағы банк бөлімшесінде ірі ұрлық жасалған. Зиян көлемі 1 миллиард теңгеден асқан, ұрылар алтын бұйымдар мен ірі көлемдегі ақшаны алып кеткен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети