Павлодардағы жаппай кісі өліміне күдікті адам есін жиды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Павлодардағы жаппай кісі өліміне күдікті жан сақтау бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды, ол есін жиған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар қалалық №1 ауруханаға сілтеме жасап. Жаппай кісі өлімі 27 қазан күні болды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодардағы жаппай кісі өліміне күдікті жан сақтау бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды, ол есін жиған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар қалалық №1 ауруханаға сілтеме жасап. Жаппай кісі өлімі 27 қазан күні болды.

"Бүгін науқас жан сақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды. Қазір ол қарапайым палатада жатыр. Оның жағдайы тұрақтанды, ол есін жинады", - деп хабарлады дәрігерлер. Ер адамның кеуде тұсына пышақ салынған, өкпесі мен иығына зақым келген. Күдікті пышақ жарақатын өзіне-өзі салғанын айтты.

Кейбір мәліметтер бойынша, ол - қайтыс болған әйелдердің бірінің ағасы. Тергеудің мәліметінше, пәтердегі бес адамды сол өлтірген. Бұған дейін бес адам мәйітінің Павлодардағы Торайғыров көшесіндегі пәтерлердің бірінен табылғаны хабарланған еді. Қаза тапқандардың арасында екі бала бар.

Павлодар облысы прокурорының орынбасары Қуат Артықбаевтың айтуынша, ұйықтайтын бөлмеден бір ер адамның мәйіті табылды. Қонақ бөлмедегі кереуетте әйел адам мен 10-12 жастағы қыз баланың денесі жатты. Үшінші бөлмеден тағы бір әйел мен ер баланың мәйіті шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдердің бірі буындырылған, қалғанына пышақ салынған.

Облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Марат Қожаев жаппай кісі өлімі болған пәтердің ішінен кілттенгенін айтты. Оқиға орнынан жараланған бір ер адам табылды, ол күдікті ретінде қарастырылып отыр. Бұл дерек бойынша "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro