01 мамыр 2022 | 17:02

Павлодардағы колонияда сотталушы аузын, көзі мен құлағын тігіп тастаған

Павлодардағы колониядағы сотталған ер адам аузын, көзі мен құлағын тігіп, аштық жариялады. Сонымен қатар, ер адам ел президентіне видеоүндеу жасап, колониядағы қызметкерлерге шағымданған. Бұл деректі Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Павлодардағы колониядағы сотталған ер адам аузын, көзі мен құлағын тігіп, аштық жариялады. Сонымен қатар, ер адам ел президентіне видеоүндеу жасап, колониядағы қызметкерлерге шағымданған. Бұл деректі Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті тексереді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодағы ер адам өзін Тустам Сагитов деп таныстырады. Ол қылмыстық іс бойынша өтініштерін қажет инстанцияға жібермеген колония қызметкерлерінің аты-жөнін айтты. Ер адам аштық жариялап, 12 сәуірден бері тамақ ішпеген. 

Сонымен қатар, видеода ер адам көзін, аузы мен құлағын тігіп тастағаны көрсетілген. Бұл оқиғаға қатысты Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаменті пікір білдірді.  

"Сотталған адам жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары АП-162 /4 мекемесінде өтейді. Бұрын екі рет сотталған. Ол бір топ адамдар алдын ала сөз байласып, аса қатыгездікпен жасаған, дәрменсіз жағдайдағы адамды ұрлау және өлтіргені үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылған. Жазаны өтеу кезеңінде үш жаза бар. Биыл сәуірде бұрын салынған жазамен келіспеуіне байланысты дене мүшесін зақымдаған", - деп жауап берді Tengrinews тілшісінің сауалына Павлодар облысы бойынша ҚАЖД.

Департамент өкілдерінің мәліметінше, ер адам бұған дейін де соттың шешімімен келіспей, бірнеше рет өзін зақымдаған. Видеоүндеу бойынша қажет тексеріс жұмыстары басталған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети