Павлодардың орталық мешітінде ұялы телефон ұрлаған жасөспірімге кешірім берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдары бойынша, Павлодардың орталық мешітінде кәмелетке толмаған жасөспірім келушілердің намаз оқып жатқанын пайдаланып, сырт киімдерінің қалтасынан ұялы телефондарын тонап кеткен.
Сот отырысы кезінде 16 жастағы бозбала мен оның заңды өкілі, сонымен қатар жәбірленуші үш адам қақтығыстың медиация тәртібімен реттелгені туралы келісімді берді және кәсіби медиатордың қатысуымен татуласты. Бозбала жәбірленушілерден кешірім сұрап, шығындарын өтеп берді.
Осылайша, соттың қаулысымен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының екінші бөлігіндегі тармақ және осы баптың бірінші бөлігінде (тонау, бірнеше мәрте қайталау) көрсетілген қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. "Қылмыстық кодекстің 68-бабының бірінші бөлігінің негізінде тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс бойынша өндіріс тоқтатылды", - делінген соттың хабарламасында.