Павлодарлық полицейлер есірткі жасырушыны ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарлық полицейлер есірткі жасырушыны ұстады pexels.com

Павлодарлық полицейлер есірткі жасырушыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарлық полицейлер есірткі жасырушыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Белгісіз әйел Павлодар қаласының көшелерінде бір-біріне жақын орналасқан жер учаскелерін фотосуретке түсіріп жүрген. Фотосуреттерді не үшін түсіріп жатқаны туралы сұраққа ол өзіне ұнағанын суретке түсіргенін айтты, бірақ бейнежазбаларды көргенде күдікті есірткі жасырғанын мойындауға мәжбүр болды", - деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.

Әйел мессенджерлердің бірінде есірткі заттарын таратумен айналысатын интернет-дүкенге "жұмысқа орналасу" туралы хабарландыруды көргенін айтты.

Нұсқаулық өткеннен кейін күдікті курьер болып, есірткі жасырумен айналысқан. Олардың координаттарын фото арқылы дүкен операторларына жіберіп отырған.

Жеке тінту барысында әйелден жалпы салмағы 54,35 грамм болатын 36 орам табылып, тәркіленді, олардың құрамында "альфа-PvP" психотроптық заты бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети