Павлодарлық депутат мас күйінде көлік жүргізген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарлық депутат мас күйінде көлік жүргізген

Қалалық мәслихаттың депутаты Петр Вырвинский мас күйінде көлік жүргізгені үшін үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар қалалық әкімшілік сотына сілтеме жасап.

Сот өкілдерінің мәліметінше, ер адам қаланың орталық көшелерінің бірінде тоқтатылған. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін халық қалаулысына қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Депутат Вырвинскийдің қан құрамында алкогольдің бар екендігі медициналық куәландыру арқылы расталды. "Соттың қаулысына сәйкес, Петр Вырвинский "Көлік құралын мас күйінде жүргізу" бабы бойынша құқықбұзушылықты жасады деп танылып, көлік жүргізу куәлігінен үш жыл мерзімге айырылды", - делінген Павлодардың әкімшілік сотындағылар.

Айта кетейік, 53 жастағы депутат азаматтардың құқығы мен заңдылығын сақтау бойынша қалалық мәслихаттың комиссиясына мүше. 2015 жылдың басынан бері Павлодар облысында 2209 жүргізуші ұсталған, олардың сексені мас күйінде тізгінге отырғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети