Педофил 6 жасар қызды анасының көзінше зорлаған: оқиғаның мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Педофил 6 жасар қызды анасының көзінше зорлаған: оқиғаның мән-жайы анықталды

Қарағандыда әйел адам мен оның көңілдесі баланы зорлап, қорлағаны үшін үкім шықты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда әйел адам мен оның көңілдесі баланы зорлап, қорлағаны үшін үкім шықты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот мәліметінше, кішкентай қыздың өміріндегі қорқынышты оқиға ол үш жаста болған кезде басталған. Анасы оны сүйіктісімен кездесуге алып келіп жүрген. Ер адам балаға зорлық көрсеткен. Олар іс-әрекеттерін видеоға түсіріп, арнайы сайттарға жүктеген. Бұл қорқынышты жайттарды бала алты жылға жуық өткерген. 

"Қылмысты Интерпол анықтады. Ер адам кәмелетке толмаған бала туралы порнография материалдарын таратқаны үшін кінәлі деп танылды. Қылмыс порнография материалдары арқылы ашылды. Құқық қорғау органдарына тапсырылды", - дейді судья Бекзат Шалғымбаев. 

Қылмыскер жасаған әрекеттері үшін 21 жылға, баланың анасы 16 жылға сотталды. 

"Барлығы әйел адамның рұқсатымен болған. Психологиялық және психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша ол ақыл есі дұрыс екені анықталды", - деді судья.

Телеарна мәліметінше, әйел адамның күйеуі және екі кішкентай қызы болған. Ол қалған қыздарына тиіспеген. Үлкен ауыртпалық үлкен қызына түскен. Қазір оның жасы 14-те. Жәбірленуші оқыған мектеп қызметкерлерінің айтуынша, бұған дейін күдік туғызатын жайт болмаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети