"Ленинград облысында қарауылшы жасақтың қолынан қашып кетіп, Киевте ұсталған сериялық педофил Ресейге экстрадицияланады" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.
"Ленинград облысында қарауылшы жасақтың қолынан қашып кетіп, Киевте ұсталған сериялық педофил Ресейге экстрадицияланады" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.
43 жасар қашқын Евгений Литовченкоға "жас қызды зорлады" деген айып тағылған болатын. Сондай-ақ, тергеу орындары тарапынан бұл азамат соңғы бес жылда Ленинград облысында онға тарта сондай қылмыс жасаған болуы ықтимал деп күдіктелінуде. Литовченконың 2011 жылы желтоқсан айында Ленинград облысының Отрадное қаласындағы мектептен шығып, жоғалып кеткен ұл балаға қатысты жасалған ауыр қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілген. Полиция қылмыскер туралы қандай да бір ақпарат берген адамға миллион рубль сыйақы тағайындаған.
Петербургтік оперативті қызметкерлер Литовченконың Киевте екенін анықтаған. Олар украиндық милициямен байланыс орнатып, іздеуде жүрген қылмыскерді қолға түсірген. "Қашқын осы уақыт ішінде сол елде ұқсас қылмыс жасап үлгерген" делінген хабарламада.
"Қазіргі уақытта Литовченко ұсталды. Оны Ресейге экстрадициялау туралы келісілді" делінген баспасөз хабарламада.
Десе де, РФ Тергеу комитеті Ленинград облысының тергеушілері іздеу жариялаған Литовченконың Украинада екендігі туралы ресми ақпарат жоқ екенін мәлімдеген. "Егер ондай ақпарат болса, онда РФ Тергеу комитеті қылмыскерді шұғыл түрде экстрадициялау шарасына кіріседі" деп атап өткен ведомство хабарламасында.
Бұған дейін тергеушілер қылмыскерді қашырып алған полицейлердің ұқыпсыздығына қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Мұндай қылмыс үшін полиция қызметкеріне жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.