Әлеуметтік желілерде елордалықтардың ер адамды ұстаған видеосы жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, ол оқушы қызды ұрламақ болған. Нұр-Сұлтан полициясы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде елордалықтардың ер адамды ұстаған видеосы жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, ол оқушы қызды ұрламақ болған. Нұр-Сұлтан полициясы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға туралы әлеуметтік желілерде жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам қызды белгісіз жаққа сүйреп әкетпек болған. Осы кезде қыз айғайлап маңайдағыларды көмекке шақырған. Өтіп бара жатқан адамдар баланың айғайын естіп, көмекке жүгірген. Ер адам қашуға тырысқанымен, оны тұрғындар полиция келгенге дейін ұстап тұрған. Бұл ретте видео авторы "көршілері педофилді ұстап алғанын" айтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақпаратты Нұр-Сұлтан полиция бөлімі растады.
"21 қыркүйекте сағат 19.21-де 102 пультіне белгісіз ер адам Рысқұлбеков көшесінде қызға тиісті деген хабарлама түсті. Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барды.
Кешке мас ер адам мектептен қайтып келе жатқан кәмелетке толмаған балаға жақындағаны анықталды ", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Полиция мәліметінше, ұсталған 25 жастағы ер адам орташа ауырлықта алкогольдік мас күйде болған.
"Ол Ішкі істер департаментінде есепте тұрмайды, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта тергеуге дейінгі тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді полиция өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!