04 ақпан 2014 | 12:14

Педофилиямен күресуші бұзақылар жауапқа тартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі бейнероликтің кадры "Вконтакте" әлеуметтік желісіндегі бейнероликтің кадры

"Оккупай-педофиляй Өскемен" қозғалысының белсенді мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Tengrinews.kz Yk-news порталына сілтеме жасап. Өздерін педофилиямен күресуші санайтындардың ісі бұзақылық деп есептеліп отыр. "Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерге бейнероликтер орналастырған бірнеше адам күдікті ретінде ұсталды. Өскемен қалалық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімі "Алдын ала сөз байласу немесе ұйымдасқан топ болып бұзақылық жасау" бабында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады", - дейді Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Торғаев. Тергеу нәтижесінде күдіктілерге қатысты процессуалдық шешім шығарылмақ. "Оккупай-педофиляй Өскемен" қозғалысының белсенді мүшелері танысу сайттарына жалған аккаунттармен тіркеліп, кішкентай балалардың суреттерін орналастырған. Танысушылармен интимдік әңгіме өрбітіп, оларды кездесуге шақырады. Балалармен жақын таныспақ болған адамдармен кездескен кезде оларды ұстап алып, кемсітіп, қорлап, бейнетаспаға түсіреді де, кейін әлеуметтік желілерге жариялайды. Бұлай жазалау заңсыз әрекет болып есептеледі. Айта кетейік, Ресейде танымал ұлтшыл Максим Марцинкевич (Тесак) құрған бұл ұйымның жақтастары Алматы мен Қарағанды қалаларында да бар.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети