30 қаңтар 2015 | 14:19

Петропавл тұрғыны алаяқтың телефон нөміріне 53 мың теңге аударған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kaluga24.tv ©kaluga24.tv

Петропавлда 24 жастағы қыз алаяқтың телефон нөміріне жалпы сомасы 53 мың теңге болатын бірлік жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Петропавл полицейлері тұрғындарға телефон алаяқтарынан сақ болуды ескертіп отыр.


Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда 24 жастағы қыз алаяқтың телефон нөміріне жалпы сомасы 53 мың теңге болатын бірлік жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Петропавл полицейлері тұрғындарға телефон алаяқтарынан сақ болуды ескертіп отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздың анасының телефон нөміріне "Samsung Galaxy S IV маркалы телефонын ұтып алдыңыз" деген хабарлама келген. Соңынан "Радио Азия" қызметкері болып, бір ер адам хабарласады да, оны құттықтап, телефонға қоса теледидарды да ұтқанын айтады. Алайда сыйлықтарды алып кету үшін алдымен бір нөмірге 3 мың теңге бірлік жіберуді талап еткен. 

"Қыз терминалға барып айтқан соманы төлеген. Соңынан олар қызға қайта хабарласып, ақшаның түскенін айтып, енді нақты жеңімпаз екенін жеткізген. Бірақ теледидарды алу үшін аққанға шалдыққан балаларға қайырымдылық көмек ретінде қосымша 18 мың теңге жіберуді талап еткен, қыз бұл соманы да жіберді", - делінген хабарламада.

Алаяқтар сыйлықтарды қаланың 19-ықшамауданынан алып кетуге болатынын айтады, бірақ жәбірленушіге олар бірнеше рет хабарласып шарт қояды: енді 18 мың емес, 28 мың теңге керек. Ақшаны алғаннан кейін нөмірлердің барлығы өшірілген, қыз осылайша 53 мың теңгесінен айырылып қалады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиғадан кейін жәбірленуші полицияға арыз жазды, қазіргі таңда қаланың ішкі істер қызметкерлері алаяқтарды анықтау шарасын жүргізіп жатыр. Мамандардың мәліметінше, 2014 жылы Петропавлда алаяқтық бойынша барлығы 612 оқиға тіркелген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында азаматтардың банкомат карталарының құпия мәліметін Интернет арқылы ашып, есепшоттардан ақша алғысы келген адамның ұсталғаны хабарланған болатын. Ішкі істер органына қазақстандық банктердің бірі біреудің банк атынан интернет-қауымдастық қолданушыларына хабарлама таратып жүргенін хабарлайды. Күдікті өз хабарламаларында көбейіп кеткен алаяқтық жағдайларына байланысты деп, белгілі бір кестені толтыруды талап еткен. Осылайша, ол қазақстандықтардың құпия мәліметтерін, яғни банк картасының құпия коды мен құпия сөзін алмақ болған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети