Петропавл полицейлері бір әйелді өлтірді деген күдікпен үш жігітті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Петропавл полицейлері бір әйелді өлтірді деген күдікпен үш жігітті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Туысқандары 57 жастағы әйелдің көп жерден пышақталған денесін 6 қаңтарда оның өз пәтерінен тапты. Әйелдің үйінде алтын әшекейлер, ноутбук және ұялы телефон жоғалған. Жедел тергеу шаралары барысында Петропавлдың 21-23 жас аралығындағы үш тұрғыны ұсталды", - делінген баспасөз хабарламасында. Сонымен қатар, полицейлер ұсталғандардың бірінің бұған дейін сотталғанын және ұрланған заттардың жартысы қайтарылғанын хабарлады.
Петропавл қаласының ІІБ жеке тұлғаларға қарсы қылмыстарды тергеу жөніндегі бөлімнің басшысы Бибігүл Қасенованың айтуынша, ұсталғандар Петропавл қаласы ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 99-бабымен қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында бірқатар сараптама белгіленді. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.