Петропавлда 57 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен үш жігіт ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда 57 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен үш жігіт ұсталды Тengrinews.kz мұрағатынан

Петропавл полицейлері бір әйелді өлтірді деген күдікпен үш жігітті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл полицейлері бір әйелді өлтірді деген күдікпен үш жігітті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Туысқандары 57 жастағы әйелдің көп жерден пышақталған денесін 6 қаңтарда оның өз пәтерінен тапты. Әйелдің үйінде алтын әшекейлер, ноутбук және ұялы телефон жоғалған. Жедел тергеу шаралары барысында Петропавлдың 21-23 жас аралығындағы үш тұрғыны ұсталды", - делінген баспасөз хабарламасында. Сонымен қатар, полицейлер ұсталғандардың бірінің бұған дейін сотталғанын және ұрланған заттардың жартысы қайтарылғанын хабарлады. 

Петропавл қаласының ІІБ жеке тұлғаларға қарсы қылмыстарды тергеу жөніндегі бөлімнің басшысы Бибігүл Қасенованың айтуынша, ұсталғандар Петропавл қаласы ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 99-бабымен қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында бірқатар сараптама белгіленді. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети