Петропавлда әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасады деген оқушы ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасады деген оқушы ұсталды Фото: elements.envato.com

Петропавлда интернет-алаяқтыққа күдікті мектеп оқушысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда интернет-алаяқтыққа күдікті мектеп оқушысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавлда бірнеше тұрғын интернет-алаяқтық туралы арызбен полицияға жүгінген. Жәбірленушілердің дені жастар. Олар "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде тартымды қызбен танысқаны жайлы айтқан. Аз уақыт хат алмасқаннан кейін ол қарызға ақша сұраған. Шығын сомасы 13 мың теңгеден бастап 316 мың теңге аралығында.

"Петропавл қалалық ПБ Криминалдық полиция қызметкерлері жалған парақшаны анықтады. Автор кездейсоқ атты таңдап, фотоны интернеттен алып жүктеген. Жедел уәкілдер күдіктіні анықтап, ол Петропавлдың 16 жастағы мектеп оқушысы болып шықты. Ол ата-анасының кепілімен босатылды", - делінген хабарламада.

Дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілген. Бүгінде іске қатысты  4 эпизод анықталған, полицейлер жәбірленушілер санын нақтылау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети