10 маусым 2022 08:36

Петропавлда әлеуметтік желі арқылы туристік жолдама сатқан алаяқтар іздестіріліп жатыр

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz Фото: polisia.kz

Полицейлер тұрғындарды әлеуметтік желі арқылы туристік жолдама рәсімдеуде абай болуға шақырды. Петропавлда туристік жолдама рәсімдеуге қатысты үш алаяқтық дерегі тіркелген, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Полицейлер тұрғындарды әлеуметтік желі арқылы туристік жолдама рәсімдеуде абай болуға шақырды. Петропавлда туристік жолдама рәсімдеуге қатысты үш алаяқтық дерегі тіркелген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, азаматтар Instagram-дағы жарнаманы көрген соң туристік жолдамаға тапсырыс берген. Фирма менеджерімен WhatsApp арқылы сөйлесіп, мобильді қосымшадағы аударымдар сервисімен алдын ала төлем жасаған.

Ақша аударымы сәтті өткен соң менеджер байланысқа шығуды доғарып, клиенттерді мессенджерде бұғаттап тастаған. Өздерінің алаяққа алданып қалғанын білген тұрғындар полицияға арыз түсірген. 

Келтірілген шығын сомасы әр түрлі - 90 мыңнан 360 мыңға дейін. Қазіргі уақытта криминалдық полиция қызметкерлері интернет алаяқтыққа күдіктілерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Полицейлер азаматтардан ақшаны бейтаныс адамдарға жібермеуді, фирмалар мен интернет дүкендердің көрсететін қызметтерін мұқият зерттеуді; түсініктерді, пікірлерді оқуды және содан кейін ғана қаржы операциясын жасауды сұрайды.

Алданған жағдайда дереу полицияға жүгіну қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети