Петропавлда әлеуметтік желіде аңдамай сөйлеген ерлі-зайыпты бес жылға сотталды

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда әлеуметтік желіде аңдамай сөйлеген ерлі-зайыпты бес жылға сотталды

Петропавл қалалық соты интернет арқылы экстремистік мәлімдеме таратты деп айыпталған ерлі-зайыптыға үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Liter.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавл қалалық соты интернет арқылы экстремистік мәлімдеме таратты деп айыпталған ерлі-зайыптыға үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Liter.kz басылымына сілтеме жасап.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 180-бабы 2-бөлігі "Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, не қоғамдық бірлестік лидері жасаған, не бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған, не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер" бойынша қаралған.

Сот мәліметінше, ерлі-зайыпты Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық тұтастығы туралы пікірталасқа белсене қатысқан.

"2022 жылғы 11 желтоқсанда ерлі-зайыпты телекоммуникация құралдарын пайдаланып, "Чат Рулетка" қосымшасында мәлімдемесі Қазақстан Республикасының біртұтастығын бұзуды насихаттайтынын түсіне тұра, Солтүстік Қазақстан облысының Ресей Федерациясына қосылуын жақтамайтын басқа тұлғаға ашық түрде Қазақстан Республикасының біртұтастығын сақтау тұрғысынан саяси және әлеуметтік тәуекелдерге әкеп соғатын қоғамдық қауіпті мәлімдемелер жасаған", - делінген сот мәлімдемесінде.

Сотталушылар кінәсін жоққа шығарғанымен, сот оны толықтай дәлелденген деп тапты. Сот ерлі-зайыптыға бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Олар жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети