Петропавлда екі туысын өлтірген алматылық өмір бойына сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Көрнекі сурет: unsplash.com Көрнекі сурет: unsplash.com

Петропавлда екі адамды өлтірген күдіктіге үкім шықты. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда екі адамды өлтірген күдіктіге үкім шықты. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Петропавлда өз туыстарын өлтірген ер адамның ісіне қатысты үкім шығарды. Ол туыстарына Алматыдан қонаққа келген.

"2021 жылдың 10 наурызында сағат 2.30 шамасында Б. Ғабдуллин Петропавл қаласындағы туыстарының үйінде ақша мен құнды заттарды ұрлау үшін Р. және Г-ны өлтірген. Сондай-ақ, М., Н. және К-ны өлтіруге тырысқан. Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен дәлелденді", - деді Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотындағылар.

Ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде үкім шығарылды.

"Сот Б.Ғабдуллиннің үш кішкентай баласы бар екенін жеңілдететін, ал мас күйінде қылмыс жасағанын ауырлататын мән-жай деп таныды.

Сот пайда табу ниетімен дәрменсіз күйдегі ек адамды өлтіргені үшін Б.Ғабдуллинге өмір бойына бас бостандығынан айыру, ал екі және одан да көп адамды өлтіруге оқталғаны үшін 15 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады", - делінген Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімінде.

Б. Ғабдуллин төтенше қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейді.

Сотталған адамнан жәбірленушілердің пайдасына 14,8 миллион теңгеден аса сомада материалдық және моральдық зиян өндірілді. Айта кетейік, алматылық 2 адамды өлтірді деп айыпталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro