22 наурыз 2022 09:46

Петропавлда ЖЭО-2 директоры мен бас инженері ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

24.kz сайтынан алынған сурет 24.kz сайтынан алынған сурет

Петропавлда "ЖЭО-2" ЖШС директоры мен кәсіпорынның бас инженері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ақпаратты СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Петропавлда "ЖЭО-2" ЖШС директоры мен кәсіпорынның бас инженері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ақпаратты СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ЖЭО-2-дегі оқиғадан кейін құқық қорғау органдары қызметкерлері қылмыстық істі Қазақстан ҚК-нің 254 бабы бойынша тергеп жатыр.

"Облыс прокуроры мен СҚО Полиция департаментінің бастығы тергеу барысын бақылауға алды. Сонымен қатар, облыс прокуратурасы бақылаушы органдардың қызметіне талдау жүргізіп жатыр, нәтижелері бойынша жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне баға беріледі", - деп толықтырды СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін Петропавлда ЖЭО-2 құбыры құлағаннан кейін үйінділерден жоғалғандарды іздеу жұмыстары сағат 21.00-де тоқтатылғаны хабарланды. Жоғалған әйел табылмаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети