Петропавлда қарақшы зағип зейнеткерге шабуыл жасаған

Сұлу Бөлек
Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда қарақшы зағип зейнеткерге шабуыл жасаған Видео кадры

Қылмыскер тал түсте көзі нашар көретін қарт адамға шабуыл жасаған. Зейнеткер көшеде қарақшының құрбаны болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қылмыскер тал түсте көзі нашар көретін қарт адамға шабуыл жасаған. Зейнеткер көшеде қарақшының құрбаны болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

73 жастағы ер адам мүгедектерге арналған шара өткен зағиптар қоғамынан үйіне қайтып келе жатқан. Қарақшы зейнеткерге арт жағынан шабуыл жасап, оны құлатып, әмиянын жұлып алған. Көзі нашар көретін ер адам полицияға шабуыл жасаушының ешбір белгісін айта алмаған.

"Ол мені соқты, құлап кеттім. Тез тұрғым келді, бірақ тұра алмадым - аяғымды сезбедім. "Не істеп жатырсың?" деп айғайладым, әдейі айғайладым. Құжаттар, тым болмаса құжаттарымды бер деп айғайладым", - деді жәбірленуші.

Бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің кім екені анықталды. Ол келесі күні азық-түлік дүкенінде тағы бір тонау кезінде ұсталды. 39 жастағы ер адам бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған болып шықты. Ұрланған әмиян мүгедекке қайтарылды. Онда зейнеткердің телефоны мен құжаттары болған, бірақ тонаушы ішінде ақша бар деп ойлаған.

"Мен ақша алғым келді. Ақша сонда деп ойладым. Әмиян қалың көрінді. Әрине, істегеніме өкінемін. Телефон, әмиян - бәрін қайтардым. Жәбірленушіден кешірім сұраймын. Үш жыл бостандықта жүріп, жауапқа тартылмадым. Мені не итермелегенін білмеймін", - дейді қарақшы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети